Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық шеру өтті: Алматы облысы, 04 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық шеру өтті

Мемлекеттік рәміздер күні Талдықорғанда 300-ге жуық адам қатысқан патриоттық шеру өтті. Шарушілердің арасында спортшылар, еріктілер, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары, велосипедшілер, жастар, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері бар. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жастар» саябағынан басталған шеру Ж. Балапанов, Б. Әшімов көшелерімен жүріп өтіп, Талдықорған – Алматы тас жолының бойындағы 92 метр биіктікте орнатылған Мемлекеттік Ту тұғырына табан тіреді. Шеруге қатысушылардың қолында жалаулар желбіреп, жастар өкілдері елдің бостандығы мен тәуелсіздігінің басты нышандары ретінде қолдарында 12 м х 6 м болатын Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны алып жүрді.

Облыс және қала басшылығы, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, жастар, қала тұрғындары және шеруге қатысушылар жиналған мерекелік іс-шара ту тұғырының жанында жалғасын тапты. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери қызметшілер мемлекеттік ту мен Елтаңба әкелінді. Мұнан соң Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтіп, мемлекеттік әнұран шырқалды. Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, «Көк тудың желбірегені», «Байтақ далам», «Атамекен» патриоттық әндері орындалды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат Акима города Талдыкоргана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Мемлекеттік рәміздер күні Талдықорғанда 300-ге жуық адам қатысқан патриоттық шеру өтті. Шарушілердің арасында спортшылар, еріктілер, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары, велосипедшілер, жастар, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері бар. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жастар» саябағынан басталған шеру Ж. Балапанов, Б. Әшімов көшелерімен жүріп өтіп, Талдықорған – Алматы тас жолының бойындағы 92 метр биіктікте орнатылған Мемлекеттік Ту тұғырына табан тіреді. Шеруге қатысушылардың қолында жалаулар желбіреп, жастар өкілдері елдің бостандығы мен тәуелсіздігінің басты нышандары ретінде қолдарында 12 м х 6 м болатын Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны алып жүрді.

Облыс және қала басшылығы, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, жастар, қала тұрғындары және шеруге қатысушылар жиналған мерекелік іс-шара ту тұғырының жанында жалғасын тапты. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери қызметшілер мемлекеттік ту мен Елтаңба әкелінді. Мұнан соң Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтіп, мемлекеттік әнұран шырқалды. Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, «Көк тудың желбірегені», «Байтақ далам», «Атамекен» патриоттық әндері орындалды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Аймақтағы жаңалықтар