Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!
2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызметшілер күні деп белгіледі.Мемлекеттік қызмет – ел сенімін ақтау, ұлттың абыройын арттыру болып табылады.Мемлекеттiк қызметшiлер жұмысының тиiмдiлiгi мен кәсiби шеберлiгi мемлекеттiлiктi нығайтудың ең маңызды факторлары болып табылатын құқықтық кеңiстiк аясында Республикамыз азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға және олардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.Әріптестерімді, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, еліміздің жарқын болашағы үшін игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке, денсаулық тілеймін. Отанымыздың гүлденуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -