Мерейлі отбасылар құрмет төрінде
Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы орталығында» зиялы қауым өкілдері, «Мерейлі отбасы» байқауының әр жылдардағы жеңімпаздары, үлгілі және жас отбасылар, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысуымен мерекенің мәнін айшықтайтын іс-шара ұйымдастырылды.Мемлекет басшысы «Халқымыз қай заманда да отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет – біздің қанымызға сіңген қасиет» деп айрықша мән беріп келеді.Отбасындағы тәлім-тәрбие адамның бүкіл бітім-болмысын қалыптастырады. Ақылдың кені – ақсақалдар мен тәлімнің тетігі – аналардан алған үлгі-өнегені ұстансақ, ісіміз ілгерілеп, тіршілігіміз татымды болары анық.Іс-шарада облыс әкімі аппаратының басшысы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Шахмардан Байманов ұрпақтар сабақтастығын жалғап, қоғамда еңбек құндылығын насихаттаған отбасыларға ізгі ниетін жеткізіп, аймақ басшысының атынан мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, дәстүрлі «Мерейлі отбасы» конкурсына құжаттар қабылдау бүгіннен басталатынын хабарлады.Байқау шарты бойынша аудандық және облыстық комиссияның оң шешімін алған отбасылар республикалық конкурсқа жолданады.Мерекелік басқосуда сөз алған облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Ө.Шәменов жарасымды отбасыларға ақ тілегін арнады. Жаңадан отау құрып, шаңырақ көтерген жұптар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.Шараға қатысушыларға облыс әкімдігі атынан Алғыс хаттар мен құттықтаулар табысталды. Жыл сайын атап өтілетін Халықаралық Отбасы күнінде бірлік пен татулық насихатталып, өнегелі отбасылар баршаға үлгі етіле бермек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -