Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидалары бекітілді
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 16 тамыздағы №54 қаулысын қабылдады.
Құжат Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 19 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін қабылданды.
Қағидаларда микроқаржы омбудсманын сайлау тәртібі, Өкілдер кеңесінің немесе омбудсманның өзінің бастамасы бойынша микроқаржы омбудсманының қызметін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері, сондай-ақ микроқаржы омбудсманының қызметін жүзеге асыру тәртібі белгіленген.
Заңда микроқаржы омбудсманының кандидатурасына қойылатын талаптар айқындалады, оның ішінде кредиторлармен, Агенттікпен және Ұлттық Банкпен үлестестік болмауға тиіс.
Заңмен 2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап алғаш рет микроқаржы омбудсманының институты енгізіледі, ол азаматтардың микрокредит беру туралы шарттар бойынша дауларын, оның ішінде азаматтардың микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешектерін реттеу мәселелерін, шарттар бойынша коллекторларға берілген дауларды қарайтын болады.
Микроқаржы омбудсманының институтын құру МҚҰ клиентіне оның мәселесін шешуге үшін құрал ұсынатын болады. Омбудсман азаматтарға тегін көмек көрсетеді, ал оның қабылдаған шешімі микроқаржы ұйымы үшін орындауға міндетті болып табылады.
Микроқаржы омбудсманын Өкілдер кеңесі Агенттік келіскен кандидаттар тізімінен құпия дауыс беруді өткізу арқылы үш жыл мерзімге сайлайды.
Микроқаржы омбудсманы Өкілдер кеңесінің құрамына Агенттіктің, Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі банктердің, ипотекалық ұйымдардың, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Коллекторлар қауымдастығының бір өкілі кіреді.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 1089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -