Министрлікте «Қазтест» сынағы өтті
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Тіл саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қазтест» жүйесін дамыту жөніндегі басқармасы Тестілеуді ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы Нұрбек Батырханұлы Нұрымбетовтің қатысуымен Министрлік қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу өтті.
Бұл іс-шара Министрлікте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін арттыру мақсатында жыл сайын жүргізіліп келеді.
Диагностикалық тестілеуге Министрліктің 70 қызметкері қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жүйелі жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -