НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Министрлік азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларына (ҚР ТЖМ 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығы) тек санатталған ұйымдардың қорғаныш құрылыстарын есепке алуды және қалпына келтіруге жатпайтын санатталмаған ұйымдар үшін құрылыстарды алып тастау жөніндегі талаптарды оңайлатуды көздейтін өзгерістер енгізеді.
Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда қорғаныс құрылымдарының бір бөлігі толығымен жарамсыз болып қалды немесе қалпына келтіру үшін үлкен шығындар қажет. Бұл ретте, жеке санатталмаған ұйымдар олардың қажеттілігінің болмауына байланысты қаражат бөлуге (қалпына келтіруге) мүдделі емес.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою мен есептен шығарудың қолданыстағы қағидаларына сәйкес (ҚР ТЖМ 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығы) оларды есептен шығару үшін қосымша қаражат бөле отырып, техникалық тексеру талап етіледі, бұл кәсіпкерлік субъектілеріне жүктеме туғызады.
Талқылау үшін бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс
және әскери бөлімдер комитеті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -