Нұрада Олимпиада алауы жағылды
Қарағанды облысында "Сарыарқа-2024"дәстүрлі жазғы ауыл спартакиадасы басталды. Ол 36-шы рет өткізілуде және биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған.
Түрлі өңірден келген қонақтарды қабылдау құрметіне Нұра кенті ие болды.
Спартакиаданың ашылуы 31 Шілдеде аудан орталығының жүздеген тұрғындары жиналған жергілікті стадионда өтті.
Спартакиадаға қазақ күресінен спорт шебері және самбодан әлем Кубогының қола жүлдегері Бекзат Ахметбеков келді. Нұра ауданы Кертінді ауылының тумасы Көшпенділердің Бүкіләлемдік ойындарында Қарағанды облысының атынан қатысады.
– Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Адамдар Астанада болып, өз көздерімен көріп ойын жайлы көбірек білсін деп буклеттер тараттым. Қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін әлемдік ауқымдағы іс – шара туралы айтып беремін, – деп бөлісті Бекзат Ахметбеков. – Осы спорт мерекесіне бүкіл отбасылармен келген жерлестерімнің көп екенін көріп қуандым. Адамдар шаттануда.
Спартакиаданы театрландырылған қойылым ашты.
Спартакиада алауын жағу құрметі аударыспақтан облыстың төрт дүркін чемпионы ҚР спорт шебері
Ерғанат
Тайжановқа берілді.Спартакиада 1–2 тамызда өтеді.
500-ден астам ауыл спортшылары сайысқа түседі. Жарыс спорттың 12 түрі бойынша өтеді: волейбол, шағын футбол, асық ату, бес асық, армрестлинг, кір тасын көтеру, президенттік көпсайыс, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және үстел теннисі.
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -