Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын қарап шықты
Бүгін, 26 қазан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын қарап, қала әкіміне олардың қарқынын күшейтуді тапсырды.
Қазіргі уақытта магистралдық желілерде ақаулар жоқ, бірақ тұрғын үйлердің маңындағы тарату желілерінде 35 ақау анықталып, оларды жою жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күні қаладағы барлық 1500-дей тұрғын үйдің 34-не ғана жылу берілмеген. Қазіргі таңда 21 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жөндеу жұмыстарына Жаңаөзен қаласынан 8 бригада, Ақтау қаласы әкімдігінен 27 адам және «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінен 11 бригада тартылған. Барлығы 110 адам мен 49 техника жұмылдырылған.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тынымсыз еңбек етіп жатқан коммуналдық мекеме қызметкердеріне алғысын білдіріп, ақауларды тездетіп қалпына келтіру керектігін айтты.
Айта кетейік, биыл Ақтауда 50 жыл бойы жөндеу көрмеген 11,3 шақырым магистралдық жылу жүйесінің құбырлары алғаш рет жаңартылды. Мақсат - тозығы жеткен құбырларды ауыстырып, қала халқын үздіксіз жылумен қамтамасыз ету.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -