Нұрдәулет Қилыбай: «Таза Қазақстан» - жақсы бастау алған игі дәстүрді тоқтатпау керек
20 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық шарасының орындалу барысы қаралды.
Аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне өңірде жақсы бастау алған тазалық дәстүрін жалғастыруды тапсырды.
- Ұлттық дәстүрімізге айналған тазалық шарасын сапалы орындау үшін барлық қала, аудандарда белсенділікті арттыру керек, тиісті шаралар қабылдаңыздар. Арнайы техникалар қажет болса ұсыныс беріңіздер. Қалай болғанда да Маңғыстауда жоғары қарқынмен басталған тазалық дәстүрін тоқтатпауымыз керек. Қазір өңірде тазалық жұмыстарын жүргізуге ауа-райы да қолайлы болып тұр. Бар мүмкіндікті пайдалану керек, - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Былтыр бастау алған «Таза Қазақстан» шарасы өңірде белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта өткен жылы арнайы жоспар бекітіліп, аудан, қала және ауылдарда елді мекендерді тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Хайдар Төлеуішовтің мәліметінше, 2024 жылы сенбіліктерге 168 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1738 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 27 462 тонна қоқыс шығарылып, 69 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінің 61-і жойылған. Сонымен қатар теңіз түбін тазарту жұмыстары жүргізілген.
- Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза қала» жобасы аясында Ақтау қаласы республика бойынша 6-орынды иеленді. Қазіргі уақытта «Моно қала» жобасы бастау алып, оған өңірден Форт-Шевченко, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу ауданы енгізілді, - деді Хайдар Төлеуішов.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2024–2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары дайындалған.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 2025 жылы да жалғасады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -