Н. Сағындықова Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
2024 жылғы 6 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барады, сапар барысында халықпен бірқатар кездесулер өткізеді.
Кездесулерде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланатын болады.
Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы , «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).
Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.
Азаматтарды қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -