Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ұлттық қорғаныс университетінде болды
Үндістанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі доктор Нагендра Прасад Ұлттық қорғаныс университетінде болып, Үндістан Қарулы күштерінің жаңғыртылған әскери өнер аудиториясының салтанатты ашылуына қатысты.
Екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өткен іс-шараға Үндістанның әскери атташесі полковник Дирадж Раманад пен оның көмекшісі Синг Камалди де қатысты.
Үндістан Қарулы күштерінің әскери өнер аудиториясы ҰҚУ-де 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Биыл үнді тарапы сыныпты қайта жарақтандыру үшін жалпы сомасы 8 млн. теңгеден астам мүлікті тегін беріп отыр.
– Үнді тарапы біздің университеттің оқу-материалдық базасын дамыту үшін айтарлықтай көп жұмыс атқарды. Жақында Нью-Делиде Үндістан Ұлттық қорғаныс колледжінде болып, өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойдық. Біз сондай-ақ, Үндістан командалық-штабтық колледжімен де өзекті тақырыптар бойынша онлайн режимде бірлескен дәрістер оқуды ұйымдастыру жөнінде өзара іс-қимыл орнаттық, – деді ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Кездесу барысында тараптар офицер кадрларды даярлауда тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. 2021 жылғы наурыз айынан бастап үндінің екі әскери қызметшісі Ұлттық қорғаныс университетінде ағылшын тілінен сабақ беретінін айта кету керек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -