Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ұлттық қорғаныс университетінде болды
Үндістанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі доктор Нагендра Прасад Ұлттық қорғаныс университетінде болып, бірнеше аудиторияның салтанатты ашылуына қатысты.
Екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өткен іс-шараға Үндістанның әскери атташесі полковник Дирадж Раманад пен оның көмекшісі Синг Камалди де қатысты.
Доктор Нагендра Прасад жаңғыртылған алты тілдік аудиторияның салтанатты ашылуына қатысты. Оларды қайта жарақтандыру үшін Үндістан тарапы жалпы сомасы 8 млн. теңгеден астам мүлікті өтеусіз берді. Қазіргі уақытта Үндістан қарулы күштері әскери өнер аудиториясының жабдықтарын жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл аудитория ҰҚУ-де 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
– Үнді тарапы біздің университеттің оқу-материалдық базасын дамыту үшін айтарлықтай көп жұмыс атқарды. Жақында Нью-Делиде Үндістан Ұлттық қорғаныс колледжінде болып, өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойдық. Біз сондай-ақ, Үндістан командалық-штабтық колледжімен де өзекті тақырыптар бойынша онлайн режимде бірлескен дәрістер оқуды ұйымдастыру жөнінде өзара іс-қимыл орнаттық, – деді ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Кездесу барысында тараптар офицер кадрларды даярлауда тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. 2021 жылғы наурыз айынан бастап үндінің екі әскери қызметшісі Ұлттық қорғаныс университетінде ағылшын тілінен сабақ беретінін айта кету керек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -