Өнер даусы: Астанада мәдениет қайраткерлері дауыс берді
Бүгін референдумға Майра Ілиясова, Самал Еслямова, Әділ Ахметов, Ерік Жолжақсынов, Ерлан Малаев және басқа да елге белгілі өнер және мәдениет саласының майталмандары белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Біздің бүгінгі шешімдеріміз - ертеңгі күннің іргетасы. Шығармашылық зиялы қауымның өкілі ретінде болашағымызды ақыл, білім мен тәжірибе негізінде құруымыз өте маңызды", - деген ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бүгінгі референдумдағы әрбір дауыстың маңыздылығын атап өтті.
"Бұл - халық үшін өз пікірін білдіруге және таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды сәт. Мен барлығын азаматтық ұстанымын көрсетуге, шетте қалмауға шақырамын", - деп атап өтті Кино және театр актері Әділ Ахметов.
Таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап Астанада 460 учаске жұмыс істеп тұр, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы 4 тәсілмен онлайн біле алады: - Ресми веб-қызметте: https://referendum.astana.kz/ - Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot - іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -