Өнеркәсіп және құрылыс министрі СҚО-да болды
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккендерге арналған жаңа «Бірлік» шағын ауданында салынып жатқан 700 үйдің құрылыс барысымен танысты. Қазірдің өзінде 235 отбасы жаңа үйге қоныстанды.
Сондай-ақ Қанат Шарлапаев Былғары кентінде болып, мехбригадалардың үйлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Облыста 70 мехбригада жұмылдырылып, 250 үйді жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 88 үйде жұмыстар аяқталды.
Облыс орталығында министр 9 көпқабатты үй салынып жатқан «Қопай» шағын ауданының құрылыс барысымен танысты. Барлығы ауданда 29 үй салынады.
Министр Бескөл ауылындағы 5 қабатты 50 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын аралап көрді. Қанат Шарлапаев қалпына келтіру жұмыстарының сапасын атап өтті. Бұл шаралар инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру және тұрғындарды жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -