Өнеркәсіптік нысандарды жаңғыртуда экологияны қорғау мәселесі басты назарда болады
Италияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Maire Group компаниясының бас директоры Алессандро Бернини мырзамен жасыл технологиялар және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін кездесу өткізді. Бұл кездесу Қазақстан мен әлемдегі жетекші инжинирингтік қызметтер компанияларының бірі арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды.
Арман Шаққалиев Maire Group компаниясымен серіктестіктің маңыздылығын айта келе, компанияның көміртек ізін азайтуға және экологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесіне назар аударды. Қазақстанда озық жасыл технологияларды енгізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
«Біз Maire Group компаниясын экологиялық таза шешімдерді қолдана отырып өнеркәсіптік нысандарымызды жаңғыртуға көмектесетін сенімді серіктес ретінде көреміз», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Кездесу барысында KMG Aero мен Maire Group арасында тұрақты авиациялық отынды (SAF) өндіру және қолдану саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл серіктестік Қазақстанның авиация саласындағы жасыл технологиялардың дамуына елеулі үлес қосады. SAF өндірісі көміртек шығарындыларын азайтуға, ұшу қауіпсіздігін арттыруға және Қазақстанның жаһандық экологиялық технологиялар нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Арман Шаққалиев Ansaldo Energia SpA компаниясының басшысы Фабрицио Фаббри мырзамен кездесті. Онда энергетика секторындағы ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде тиімділікті арттыру және тұрақты даму үшін озық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -