«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ: Түркістан облысы, 18 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Төлеби ауданының мәдениет күндері басталды. Этноауылда «Алтыбақан» ойын-сауық отауы құрылған. «Төлебиім – киелі құт мекенім» кітап көрмесі келушілерге өңірден шыққан тұлғаларды кеңінен таныстыды. Ал Алдар көсе, Қожанасыр кейіпкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Атап айтқанда асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, белдесу сынды ойындардан

келушілер де сайысқа түсті. Қылқалам шеберлерінің сурет және «Қасиетті де, киелі қолөнерім» қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Еркін Айтбаевтың және суретші, өнертану ғылымдарының докторы Ділдабай Кемешовтың туындылары қойылды. Қолөнер шеберлерінің шеберлік сағатында қағаздан себеттер жасау, кілемше тоқу, саздан құмыра жасау үлгілері көрсетілді. Бұдан бөлек, «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық көне салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері сомдалды. Айта кетейік, екі күнге жоспарланған мәдени-рухани шара ертең де жалғасын табады. 18 қыркүйек күні, сағат 11:00-13:00 аралығында Этноауылда «Ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындардан (қазақша күрес, аударыспақ, қошқар көтеру, гір көтеру, қол күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ сынды т.б) жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар «Өнерлі өлке» аудандық, қалалық саз мектебінің концерттік бағдарламасы ұсынылады. Ал сағат 19:00-де «Керуен сарай» кешенінде Төлеби ауданы өнерпаздарының мерекелік гала-концерті өтеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Төлеби ауданының мәдениет күндері басталды. Этноауылда «Алтыбақан» ойын-сауық отауы құрылған. «Төлебиім – киелі құт мекенім» кітап көрмесі келушілерге өңірден шыққан тұлғаларды кеңінен таныстыды. Ал Алдар көсе, Қожанасыр кейіпкерлерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Атап айтқанда асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, белдесу сынды ойындардан <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>келушілер де сайысқа түсті. Қылқалам шеберлерінің сурет және «Қасиетті де, киелі қолөнерім» қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Еркін Айтбаевтың және суретші, өнертану ғылымдарының докторы Ділдабай Кемешовтың туындылары қойылды. Қолөнер шеберлерінің шеберлік сағатында қағаздан себеттер жасау, кілемше тоқу, саздан құмыра жасау үлгілері көрсетілді. Бұдан бөлек, «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық көне салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері сомдалды. Айта кетейік, екі күнге жоспарланған мәдени-рухани шара ертең де жалғасын табады. 18 қыркүйек күні, сағат 11:00-13:00 аралығында Этноауылда «Ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындардан (қазақша күрес, аударыспақ, қошқар көтеру, гір көтеру, қол күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ сынды т.б) жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар «Өнерлі өлке» аудандық, қалалық саз мектебінің концерттік бағдарламасы ұсынылады. Ал сағат 19:00-де «Керуен сарай» кешенінде Төлеби ауданы өнерпаздарының мерекелік гала-концерті өтеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар