«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН НАСИХАТТАП, ТАРИХИ КӨРІНІСТІ САХНАЛАДЫ
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Түркістан қаласының мәдениет күндері жалғасып жатыр. Мәдени шарада қала тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, қазақша күрес, асық ату, ләңгі тебу, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыста бақ сынады. Сондай-ақ Түркістан «Халық театры» «Саф алтын арыстар» атты көріністіі сахналады.
Жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев мәдени шараға қатысушыларға алғысын айтып, спорт сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Айта кетейік, бүгін сағат 19:00-де «Керуен Сарай» туристік кешенінде көркем өнерпаздар мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -