ҚНРДА Төрағасы Мәдина Әбілқасымова «Қарызсыз қоғам» жобасының тренерлерімен кездесті
Қазақстан
Республикасы
Қаржы
нарығын
реттеу
және
дамыту
агенттігінің
Төрағасы
Мәдина
Әбілқасымова
мен
Amanat
партиясының
хатшысы
Эльдар
Жұманғазиев«Қарызсыз
қоғам»
жобасының
іскеасырылу
барысын
,қаржылық
сауаттылықты
арттыру
мәселелерін
және
халықтың
шамадан тыс кредит алуын азайтужөніндегі
шараларды
талқылады.
Агенттік
басшысы
жоба
аясында
барлық
тілек
білдірушілердіқаржылық
сауаттылықтың
негізгі
дағдыларына,
оның
ішінде
отбасылық
бюджетті
басқаруға
,өзінің
кредит алу қабілетінбағалауға
және
қаржылық
алаяқтардан
қорғауға
тегін
үйрететін
тренерлермен
кездесті.
Мәдина
Әбілқасымова
Президенттің
халықты
ң шамадан тыс кредит алуын азайтужәне
қаржылық
сауаттылығын
арттыру
жөніндегітапсырмасын
орындау
мақсатында
Агенттік
қабылдап
жатқаншаралар
туралы
айтып
берді.
19
маусымда
Мемлекет
басшысы
кредит
берукезінде
тәуекелдерді
барыншаазайту
,қарыз
алушылардыңқұқықтарын
қорғау
,қаржы
нарығын
реттеуді
және
атқарушылық
іс жүргізудіжетілдіру
жөніндегі
заңға
қол қойды.
«1
шілдеден
бастапколлекторларға
қарыздарды
беруге
екіжылдық
мораторий
енгізілді.
Осы
кезеңде
кредиторлар
мерзіміөткен
кредиттерді
коллекторларға
бере
алмайды,
бұл
қарыз
алушыларға
қарыздарын
реттеп алуға
уақыт
береді.
2026
жылғы
1
мамырдан бастап
кредиттерді
беру
24
айдан
астам
кешіктірілген
және
кредиторлар
реттеу
рәсімдерін
жүргізген
кезде
мүмкін
болады.
Қарыздары коллекторларға берілген қарыз алушыларға қолдау көрсету үшін 2024 жылғы қазан айынан бастап жеке тұлғалардың сатып алынған кредиттері бойынша коллекторлардың берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу міндеті енгізіледі», - деді Агенттік Төрағасы.Мәдина Әбілқасымова «Қарызсыз қоғам» жобасының ел үшін әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, тренерлерге жұмысы үшін алғыс білдірді.
«Қарызсыз қоғам» жобасы проблемалық берешекті реттеуге көмектесумен қатар, жоба шеңберінде біріншіден, оқыту түрінде, екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, өз бизнесін ашу түрінде қосымша қолдау шараларын алуға болатындығымен құнды. Азаматтар кредит бойынша борыштарын өтей алмайды, өйткені олардың кіріс көзі жоқ, осы орайда жоба оларға жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен көмектесуге ұмтылады», - деді Мәдина Әбілқасымова.
Агенттік Төрағасы мектеп қабырғасынан бастап халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін орта және жоғары білім беру жүйесінің рөлі маңызды екенін және осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті.
«Қарызсыз қоғам» жобасының өткен жылғы 2 мамырда басталғанын еске саламыз. Amanat партиясының мәліметінше, осы уақыт ішінде 150 мыңға жуық адам оқудан өткен. Курстарға жазылу үшін qogamfin.kz сайтындағы нысанды толтыру қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -