NU-ДЫҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2024 жылғы 28 маусымдағы NU Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Президент қызметіне Ұлыбританияның азаматы А. Вакар тағайындалды.
А. Вакар Брэдфорд университетінде (Ұлыбритания) PhD докторы дәрежесін алған.
Доктор Вакар өзінің мансап жолында Йорк университеті мен Лондон университеттік колледжі (Ұлыбритания) профессоры қызметінен Мидлсекс университетінің (Ұлыбритания) проректорына дейін көтерілген.
2001-2004 жылдары доктор Вакар Ұлыбритания Премьер-Министрі канцеляриясы Ғылым департаментін басқарған.
2017 жылдан бастап Абу-Даби университетінің ректоры болды. Ол басшылық еткен жылдары Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингіндегі үздік университеттер арасында 250-300 диапазонына дейін көтерілді.
Сонымен қатар ол – беделді ғылыми басылымдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.
ҚР ғылым және жоғары білім министрі, NU Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек: «NU Президенті болуға лайық үш кандидатураны қарастырдық. Профессор А. Вакардың академиялық саладағы көпжылдық тәжірибесі бар, Ұлыбритиания мен БАӘ-де жоғары білім мен әлеуметтік ғылымдардың дамуына елеулі үлес қосқан. Бұл университет үшін, жалпы Қазақстан үшін жақсы таңдау деп білеміз. Қазірдің өзінде халықаралық рейтингтерде жақсы көрсеткішке ие NU-дың дамуына зор үлес қосады деп сенеміз, сондай-ақ профессор Вакардың келуімен NU өмірінде жаңа тарау ашылмақ. NU-дың автономды университет екенініне қарамастан, министрлік барлық қолдауды көрсетуге дайын. NU-дың жаңа Президенті профессор Вакарға табыс тілеймін», - деді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -