О. Анафин Мәжіліс депутаттарын әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудағы жетістіктермен таныстырды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асхат Рахымжанов пен Наурыз Сайлаубай, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Олжас Анафин әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру, бизнес-процестерді оңайлату және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде адами факторды азайту жөніндегі жұмыс алгоритмдері туралы айтып берді.
Сондай-ақ, депутаттарға Орталықтандырылған деректер банкінің, Әлеуметтік қызметтер порталының, Enbek.kz цифрлық экожүйесінің, Отбасының цифрлық картасының, Еңбек тәуекелдерінің картасының және т. б. автоматты ақпараттық жүйелерінің жұмыс қағидаттары көрсетілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -