Оқушылар тәрбиесі – басты назарда
Қызылорда облысының Терроризмге қарсы комиссиясының жоспары аясында өңірде діни ахуалды сауықтыру мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында терроризмнің алдын-алу бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Өз кезегінде, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Қызылорда қаласында орналасқан №12, №101, №112, №233 және Абай атындағы орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Жеткіншектерге жат ағымнан сақтану жолдары мен ұлттық құндылықтар тақырыптары бойынша дәрістер оқылды.
Кездесу соңында арнайы тақырыптағы бейнероликтер көрсетіліп, дін мәселелерін зерттеу орталығының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары жайлы ақпарат берілді.
Жалпы өткізілген шара оқушылардың діни сауаттылығының артуына және жат ағымға қарсы иммунитеттің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.
Материал Қызылорда облысы Терроризмге қарсы
комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
_____________________________________________________
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -