Объектідегі қауіпсіздік шаралары!
2024 жылғы 9 желтоқсанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «ADK River» СОК персоналы үшін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізілді.
Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы;
- штаттық және қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;
- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;
- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;
- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -