Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жеке қабылдауға жазылған 15 азаматтың мәселесін тыңдады. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы, Талас ауданының тұрғындары бар.
Қабылдауда болған азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, тұрғын үй, жол және жер саласына қатысты ұсыныстар мен өтініш-тілектерін айтты. Өзге де мәселелер бойынша шағымдарын білдірді.
Ербол Қарашөкеев жауаптыларға өтініш иелерінің мәселелерін мұқият зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау бойынша тапсырма берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -