Облыс әкімі дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов медицина қызметкерлері күнін мерекелеудің салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шара барысында Құмар Ақсақалов медициналық мекемелерге арналған арнайы техниканың, сондай-ақ пациенттерді емдеу мен сырқаттың алдын алуға қажетті жабдықтардың көрмесімен танысты.Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, медицина саласына ерекше көңіл бөлінген. Сала мамандарының жалақысы жоғарылап, елімізде "ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" екі жылдық ұлттық жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында біздің облыста 25 медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.«Біз, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтып отырамыз», деді құттықтау сөзінде облыс әкімі. - Бүгінде білікті кадрларды даярлауға да назар аударылып, облыс бойынша 63 маман резидентураға жіберілді. Биыл оларға тағы 57 адам қосылады». Алғаш рет облыстың 20 маманы Израильдің үздік клиникаларында тәлімдемеден өтті. Сондай-ақ, Қостанай облысына медицина саласы мамандарын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 160 маман қолдау қаражатын алса, 70-тен астам дәрігер баспанамен қамтамасыз етілді.«Біз медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді жалғастырамыз және денсаулық сақтауды дамытуға ерекше назар аударамыз. Құрметті медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ардагерлері. Сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Абыройға бөлене беріңіздер!» - деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.Салтанатты шара барысында еңбегі ерен бірқатар сала мамандары жоғары марапаттарға ие болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -