Облыс әкімі мерейтой иесіне Президент құттықтауын жеткізді: Ақтөбе облысы, 11 Сәуір 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Облыс әкімі мерейтой иесіне Президент құттықтауын жеткізді

Облыс әкімі мерейтой иесіне Президент құттықтауын жеткізді

Облыс әкімі мерейтой иесіне Президент құттықтауын жеткізді

Облыс әкімі мерейтой иесіне Президент құттықтауын жеткізді

Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері, Ақтөбе қаласындағы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы Құралай Базарбайқызы Байменова 70 жасқа толды. Облыс әкімі Асхат Шахаров мерейтой иесін құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Президент өз құттықтауында Құралай Базарбайқызының еліміздің әлеуметтік даму жолындағы еңбегін жоғары бағалап, оның азаматтық ұстанымы мен белсенді қызметі – өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өткен.

Облыс әкімі де өз лебізінде Құралай Байменованың өмір жолы мен елге сіңірген еңбегіне ерекше тоқталып, оның ерен еңбегі мен табандылығы – көпке жігер беретінін айтты.

Қоғам қайраткері көрсетілген жоғары құрмет пен ыстық ықыласқа ризашылығын білдіріп, ел игілігі үшін еңбек етуді жалғастыра беретінін жеткізді.



Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері, Ақтөбе қаласындағы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы Құралай Базарбайқызы Байменова 70 жасқа толды. Облыс әкімі Асхат Шахаров мерейтой иесін құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді.</p> <p>Президент өз құттықтауында Құралай Базарбайқызының еліміздің әлеуметтік даму жолындағы еңбегін жоғары бағалап, оның азаматтық ұстанымы мен белсенді қызметі – өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өткен.</p> <p>Облыс әкімі де өз лебізінде Құралай Байменованың өмір жолы мен елге сіңірген еңбегіне ерекше тоқталып, оның ерен еңбегі мен табандылығы – көпке жігер беретінін айтты.</p> <p>Қоғам қайраткері көрсетілген жоғары құрмет пен ыстық ықыласқа ризашылығын білдіріп, ел игілігі үшін еңбек етуді жалғастыра беретінін жеткізді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар