Облыс әкімінің қабылдауында кэмпинг салуды ұсынған тұрғынның жобасы қолдау тапты
8 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданы тұрғындарымен кездескеннен кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Сайөтес ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақытжан Құлбаев республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойынан кэмпинг салғысы келетінін жеткізді.
Заман талабына сай жолаушыларға қызмет көрсететін кэмпинг аумағында жобаға сәйкес, көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы, қонақүй, асхана мен модульді дәретхана бар.
Бақытжан Құлбаев облыс әкімінен кэмпинг салу үшін қажетті жер телімін бөлуді сұрады. Нұрдәулет Қилыбай кәсіпкердің бастамасын қолдап, жыл соңына дейін заң талаптарына сай жер орнын беруді тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімінің қабылдауына 50-ге жуық тұрғын келіп, өз мәселелері мен ұсыныстарын жеткізді. Азаматтардың басым бөлігі жұмыссыздық, тұрғын үй мәселелері, карьерлер және спорт саласын дамытуға қатысты сұрақтармен жүгінді. Қабылдау барысында әрбір мәселе назарға алынып, тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -