Облыс әкімінің Павлодар қаласы күнімен құттықтауы
Құрметті павлодарлықтар! Сүйікті қаламызды 163-ші туған күнімен құттықтаймын!
Павлодардың ең басты құндылығы - бұл сіздер, оның тұрғындары. Еңбекқор, бастамашыл және талапшыл павлодарлықтар облыстың экономикасын алға жылжытуда.
Бүгін сіздердің әрқайсыларыңыздың мерекелеріңіз. Бұл - қаланың бой көтеруіне өлшеусіз еңбек сіңірген ардагерлеріміздің мерекесі. Бұл - Ертістің жағасындағы қаланы дамытатын жастардың мерекесі. Бұл - бүгінде облыс орталығының өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жатқан барлық жандардың мерекесі.Туған қаламызды үздіктердің біріне айналдыруға деген ұмтылыстарыңыз үшін сіздерге шын жүректен алғысымды айтамын.
Павлодардың бәріміз тұрғымыз келетін, сәулеті мен жетістіктерімен мақтанатын жайлы да көрікті қала болуын тілеймін. Сол үшін де біз жұмыс істеудеміз.Әрбір отбасыға денсаулық, бақыт, амандық тілеймін!
Туған күніңмен, сүйікті қалам!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -