Облыс әкімі Нұрлы Айтиеваны мерейлі жасымен құттықтады
Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов «Парасат»,«Құрмет» ордендерінің иегері, «Атырау әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрлы Айтиеваны қабылдап, мерейлі 70 жасымен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Атырау жұрты ғалым, ұстаз, елдің елеулісі, халықтың қалаулысы деп танитын өзіңізге деген құрмет-қошеметім шексіз. Сіз кешкен ғұмыр қазақ ғылымының өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесіңізбен, қоғамдағы белсенділігіңізбен, дегдар жанға тән биік болмысыңызбен мағыналы. Жарты ғасырға жуықтайтын еңбек жолыңызда адал қызмет етіп, жас ұрпақтың болашағына жол сілтейтін шырақшы болдыңыз. Ғибратты ғұмырыңыз - өскелең ұрпаққа өнеге мектеп. Олар өзіңізден үлгі алып, қанаттанып, ынталанады. Мерейлі жасыңыз құтты болсын! Ғасыр тойыңызға сергек жетуіңізге тілекшімін,-деді С.Шәпкенов.
Кездесуге Нұрлы Айтиеваның әріптестері де қатысып, ұстаздық жолындағы қызықты сәттерімен бөлісті. Жиында шәкірт тәрбиелеу, білім беру сапасы туралы әңгіме өрбіді.
Кешелі бері толассыз қоңырау соғылып, бәрі құттықтау лебізін білдіріп жатыр. Осындай қабылдау ұйымдастырғаныңызға шексіз ризашылығымды білдіремін. Елдің ертеңі үшін атқарып жүрген қызметтеріңіз абыройлы болсын. Бөлісетін қуанышты күндеріміз көп болсын,-деді Н.Айтиева.
Айтиева Нұрлы Тельманқызы 1954 жылы дүниеге келген, Қазақ политехникалық институтын «Геология мұнай және газ кеніштерін бағдарлау» мамандығы бойынша бітіріп, таулы аймақтың «инженер-геологы» мамандығын, 2002 жылы заңгер дипломын алған.
Саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған Нұрлы Айтиева 55 ғылыми, 2 оқу әдістемелік жұмысының және әртүрлі сала бойынша үш әйелдерге арналған «Ажар» жинағының авторы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -