Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Полиция күнімен құттықтауы: Атырау облысы, 26 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Полиция күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Полиция күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Полиция күнімен құттықтауы

Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тыныштық күзеті – қоғамдағытәртіп пен тұрақтылықтың, заң мен болашаққа деген сенімнің кепілі. Сіздерге тұрғындардыңконституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, өңіріміздің қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда үлкен жауапкершілік жүктелген. Қазақстан полициясы қатарында лайықты да абыройлы қызмет атқарып, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлестікте азаматтардың құқықтары мен мүдделерін берік қорғап келесіздер.Саланың ақбас ардагерлеріне жас ұрпаққа ғибратты өнеге көрсеткендері үшін қашанда ел ризашылығы шексіз,алдыңғы толқын ағалармен арада алтынкөпір қалыптасқан. Бұл мерекеде тосын тәуекелдерге және әртүрлі ауыртпалықтарға жиі душар болғандарына қарамастан, өз қасиетті борышын мінсіз атқарған және орындап жүрген тәртіп сақшыларын айрықша атап өтеміз.Батыл жүрек пен төзімді қайрат серіктеріңіз болсын.Серт еткен Антқа адал болып, ел қорғаны деген биік атақты әрқашан асқақ рухпен, алаулаған намыспен алып жүрулеріңізге тілекшімін! Атырау облысының әкімі  С.Шәпкенов



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Атырауской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тыныштық күзеті – қоғамдағытәртіп пен тұрақтылықтың, заң мен болашаққа деген сенімнің кепілі. Сіздерге тұрғындардыңконституциялық құқықтарын қамтамасыз етіп, өңіріміздің қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда үлкен жауапкершілік жүктелген. Қазақстан полициясы қатарында лайықты да абыройлы қызмет атқарып, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлестікте азаматтардың құқықтары мен мүдделерін берік қорғап келесіздер.Саланың ақбас ардагерлеріне жас ұрпаққа ғибратты өнеге көрсеткендері үшін қашанда ел ризашылығы шексіз,алдыңғы толқын ағалармен арада алтынкөпір қалыптасқан. Бұл мерекеде тосын тәуекелдерге және әртүрлі ауыртпалықтарға жиі душар болғандарына қарамастан, өз қасиетті борышын мінсіз атқарған және орындап жүрген тәртіп сақшыларын айрықша атап өтеміз.Батыл жүрек пен төзімді қайрат серіктеріңіз болсын.Серт еткен Антқа адал болып, ел қорғаны деген биік атақты әрқашан асқақ рухпен, алаулаған намыспен алып жүрулеріңізге тілекшімін! Атырау облысының әкімі  С.Шәпкенов</p>

Аймақтағы жаңалықтар