Облыстық білім беру басқармасына басшы тағайындалды
Бүгін, Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық білім беру басқармасы басшының лауазымына Әбуов Марат Әлменұлы тағайындалды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Марат Әбуов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің шетел тілі мамандығы бойынша бакалавры, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқықтану мамандығын бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі.
Алғаш еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған М.Әбуов мемлекеттік қызметте де білім беру саласына жетекшілік етті.
Еңбек өтілі:
08.1999 – 04.2004 жыл аралығында Қызылқоға ауданы Миялы селосы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің мұғалімі;
04.2004 – 02.2005 жыл аралығында Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;
02.2005 – 01.2008 жыл аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман;
01.2008 – 11.2011 жыл аралығында Қызылқоға аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бөлім меңгерушісі;
11.2011 – 12.2017 жыл аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы;
12.2017 - 26.2022 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары;
26.2022 жылдан бастап бүгінге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -