Орал қаласында "Uralsk Green Forum" халықаралық экологиялық форумы өтті
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Орал қаласында мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған диалог форматында"Uralsk Green Forum" жетінші жыл сайынғы халықаралық экологиялық форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу және «Жасыл» экономика тұжырымдамасын жүзеге асыруда одан әрі ынтымақтастық үшін алаң құру, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кешенді диалогты нығайту, қол жетімді үздік технологияларды енгізу мүмкіндіктері, бірлескен күш-жігерді біріктіру және өңірдің тұрақты дамуының ортақ көзқарасын қалыптастыру үшін климаттың өзгеруі мәселелерін жариялау.
Форум барысында климаттың өзгеруі, энергия үнемдеу, таза өндіріс және жасыл қаржыландыру, ЖЭК пайдалану және өнеркәсіптегі төмен көміртекті дамуту, сондай-ақ экологиялық стартаптар мен жаңа инновациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері көтерілді.
Форумға 200-ден астам қатысушы жиналды, олардың ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының, министрліктер мен ведомстволардың, табиғат пайдаланушы компаниялардың, экологиялық қауымдастықтардың өкілдері, экология және жасыл трансформация саласындағы сарапшылар мен мамандар, республикалық және өңірлік БАҚ, БҚО студент жастарының өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жаһандық климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау, табиғатты тұрмыстық қалдықтардан қорғау мәселелері әрқашан жоғары деңгейде талқылауды талап ететінін атап өтті.
"Ел Президенті өз Жолдауында негізгі міндеттердің бірі – экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту екенін атап өтті. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев осы салаға ең озық технологияларды кеңінен енгізудің, сондай-ақ эмиссиялар мониторингінің заманауи жүйесінің жұмысын жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті. Біздің облыстың екі компаниясы бұл міндетті сәтті орындады, бірінші болып атмосфераға шығарындылардың негізгі көздерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін іске қосты. Бұл - "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В." және "Жайықмұнай " ЖШС, - деді Нариман Төреғалиев.
Еске сала кетейік, форумның бастамашылары Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." компаниясы болды.
Іс-шара соңында қарар қабылданды, онымен
сайтында танысуға болады.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -