Ораз Тәуірбеков Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына Теміртаудың бұрыңғы әкімі Ораз Тәуірбеков тағайындалды. Кадрлық өзгеріс туралы аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте хабарлады.
– Құсайын Ерлан Бейсембайұлы басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты атқаратын қызметінен босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Тәуірбеков Ораз Қайсайұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Ораз Тәуірбеков әкімнің орынбасары лауазымында денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Ораз Тәуірбеков салық қызметінде жұмыс істеп, салық инспекторы қызметінен бірнеше өңірдегі облыстық басқармалардың басшысына дейінгі жолдан өтті. Сондай-ақ, коммерция саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар.
Жеті жыл Қарағанды облысының Тексеру комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеді.
Ораз Тәуірбеков Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын, қайта құрылғаннан кейін – "Қарағанды облысының экономика басқармасы" ММ басқарды. Балқаш қаласының әкімі болған. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -