Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
«Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек, мұнда «Менің балаларым» бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады», - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады.
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясыАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -