Орталық Азиядағы сауда байланыстарының күшеюі экономикалық өсімге ықпал етеді
Алматыда 13-ші Орталық Азия сауда форумында (ОАСФ) жиналған Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Ұлыбритания және АҚШ-тың 300-ден астам бизнес және мемлекеттік құрылымдарының өкілдері Орталық Азиядағы интеграция және сауданы дамыту мәселелерін талқылады.
Форумда цифрландыру, көлік, логистика, рәсімдерді үйлестіру, сауданы реттеу, Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттары мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы сауданың дамуына кедергі келтіретін факторлар да сөз болды.
Қазақстанның ОА елдерімен тауар айналымы 2023 жылы 7,7 млрд. АҚШ долл. құрады.
Өз сөзінде сауда вице-министрі Қайрат Төребаев Орталық Азиядағы сауда байланыстарын күшейту экономикалық өсімге, жұмыс орындарын құруға және өңірдегі өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Қазақстан өңірлік саудада маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары сауда рәсімдерін жеңілдетуге айтарлықтай қол жеткізілді. Ол кеден заңнамасы мен әкімшілендіруді жақсарту, қағазсыз трансшекаралық сауда институты, тұрақты сауда сияқты бағыттар бойынша оң өзгерістерді көрсетті. Біздің Сауда министрлігі, Qaztrade және USAID бағдарламасы арасындағы әріптестік нығайып келеді. Экспорт рәсімдерін жеңілдету жөніндегі бірлескен жұмысымыздың нәтижесі Ұлттық экспорт шолу туралы есеп және инфрақұрылымды жаңғырту, институционалдық реформалар және сандық интеграция арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі Жол картасын әзірлеу болды», - деді Қайрат Төребаев.
Экспорттың ұлттық шолуында елдің ДСҰ-ға кірген сәтінен бастап 7 жыл ішінде сауда рәсімдерін жеңілдету мақсатында Қазақстан Үкіметі қабылдаған шараларға талдау жасалған. Қазақстанның әлемдік тасымалдау тізбектеріне қатысуына баға берілген және мемлекеттің қағазсыз трансшекаралық сауданы дамытуда алға жылжығанына да айтылды.
Қайрат Төребаевтың айтуынша, сауда рәсімдерін жеңілдету сыртқы экономикалық қызметтің дамуына оң әсерін тигізеді. Бүгінде Қазақстан 131 елмен сауда жасайды. 2023 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 139,8 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,2% артық (135,5 млрд. АҚШ долл.).
«Біз сауда ынтымақтастығын кеңейтуде Орталық Азия елдері арасындағы тұрақтылықтың өсуіне, гүлденуге және байланыстардың нығаюына әкеледі деген сеніммен он жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан іс-шараны өткізуге қолдау көрсетіп келе жатқанымызды мақтан тұтамыз», - деп атап өтті форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Вашингтоннан келген USAID әкімшісі көмекшісінің аға орынбасары Зейна Салахи.
ОАСФ өткізілген жылдар ішінде $32 миллионнан астам сомаға келісімшарттарға қол қойылды, оның алаңдарындағы іс-шараларға 25 елден 10 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Форум аясында сауда көрмесі өтті. Онда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 40 компания ауыл шаруашылығы, тоқыма, тігін және азық-түлік өнімдері ұсынылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -