Ортсайлауком ҚР Парламенті Сенатының депутаты М.Ш. Қожаевты тіркеді
2024 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 664 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Марат Шәдетханұлы Қожаевты тіркеу туралы» № 47/59 қаулы қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «М.Ш. Қожаевты тағайындау туралы» 2024 жылғы 4 қазандағы № 664 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Марат Шәдетханұлы Қожаев тіркелсін. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров 5 қазанда Марат Шәдетханұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстау барысында депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген сәттен басталатынын атап өтіп, оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретіндегі жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -