«Қостанай Инвест 2024»: Қостанай облысы, 22 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Қостанай Инвест 2024»

«Қостанай Инвест 2024»

«Қостанай Инвест 2024»

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде «Қостанай Инвест 2024» инвестициялық форумының іскерлік бағдарламасы шеңберінде көзделген іс-шаралар басталады. Форум бағдарламасы екі күндік іс-шаралар өткізуді қамтиды.Мәселен, бірінші күні, 3 панельдік сессия өткізілетін болады, онда жұмыс істеп жатқан және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жастар санатындағы старт-апперлер және жалпы облыс тұрғындары үшін тегін мастер-классты спикерлер ретінде көпшілікке танымал және әлеуметтік желілерде мыңдаған аудиториясы бар табысты кәсіпкерлер мен бизнес-коучерлер сөз алады. Панельдік сессиялар агротрейдерлер үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату саласындағы операциялық процестерді құру, мейрамхана бизнесі мен қызмет көрсету саласына қызығушылық танытқандар үшін ұлттық дәстүрлер арқылы гастрономиялық туризмді дамыту, сондай-ақ бизнестегі психотиптер және қалыптасқан топ-менеджерлер мен орта буын басшылары үшін команда құру туралы 3 негізгі тақырыпқа бөлінген.Екінші күні, яғни 25 шілдесінде негізгі оқиға - пленарлық отырыс өтеді. Бұл іс-шара отандық және шетелдік бизнес, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және басқа да іскер топтар өкілдерінің қатарынан 500-ге жуық адамды біріктіреді. Іс-шараны өткізу орны кездейсоқ таңдалып отырған жоқ: пленарлық отырыс өтетін орын Индустриалдық аймақ кәсіпорнының аумағында орналасқан. Өйткені, тап осы индустриалдық аймақ соңғы жылдары біздің облысымыздың экономикалық дамуына айтарлықтай серпін беріп келеді. Индустриалдық аймақ – бұл тартымды алаң, оның артықшылығы, инженерлік инфрақұрылымның барлық кешенімен қамтамасыз етілуі болып табылады.Жалпы, тікелей форум туралы айтатын болсақ, онда біз мұндай форматта бірінші рет жиналып отырған жоқпыз және бұл соңғы рет емес деген ойдамын. Естеріңізге сала кетейін, 2023 жылдың тамыз айында «Қостанай инвест 2023» инвестициялық форумы өткізілді, онда да өңірдің инвестициялық әлеуеті ұсынылды және өнеркәсіптің түрлі салаларында ірі жобалардың іске асырылып жатқандығы таныстырылды.Мәселен, өткен жылғы форумның қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен ірі инвесторлар арасында сомасы шамамен 440 млрд. теңге болатын жобаларды іске асыру туралы бірқатар келісімдер жасасылды. Олардың ішінде Kia Corporation (KИA Корпорейшн) әлемдік Оңтүстік Корея автоконцернімен толық циклді KIA автомобильдері өндірісі зауытын салу туралы келісімді атап өтуге болады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары белсенді қарқынмен жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ, «Полиметалл Евразия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнеркәсіптік холдингімен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды, атап айтқанда күн және газды поршенді электр станцияларын салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бастамашы жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр.Сонымен, биылғы жылы өтіп жатқан форум қазірдің өзінде дәстүрлі сипатқа ие, және бұдан басқа, Қостанай облысының қазіргі заманғы инвестициялық имиджін қалыптастыру бойынша біздің одан арғы ұмтылысымыздың жалғасы және қозғаушы векторы болады.Форумның алдағы пленарлық отырысында металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар ұсынылатын болады.Жалпы алғанда, біздің облыс әлеуетті инвесторлар үшін қашанда ашық екенін, сондай-ақ жаңа бастамаларды іске асыруда жан-жақты қолдауға кепілдік беретіні туралы айта кетсем деймін.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Костанайской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде «Қостанай Инвест 2024» инвестициялық форумының іскерлік бағдарламасы шеңберінде көзделген іс-шаралар басталады. Форум бағдарламасы екі күндік іс-шаралар өткізуді қамтиды.Мәселен, бірінші күні, 3 панельдік сессия өткізілетін болады, онда жұмыс істеп жатқан және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жастар санатындағы старт-апперлер және жалпы облыс тұрғындары үшін тегін мастер-классты спикерлер ретінде көпшілікке танымал және әлеуметтік желілерде мыңдаған аудиториясы бар табысты кәсіпкерлер мен бизнес-коучерлер сөз алады. Панельдік сессиялар агротрейдерлер үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату саласындағы операциялық процестерді құру, мейрамхана бизнесі мен қызмет көрсету саласына қызығушылық танытқандар үшін ұлттық дәстүрлер арқылы гастрономиялық туризмді дамыту, сондай-ақ бизнестегі психотиптер және қалыптасқан топ-менеджерлер мен орта буын басшылары үшін команда құру туралы 3 негізгі тақырыпқа бөлінген.Екінші күні, яғни 25 шілдесінде негізгі оқиға - пленарлық отырыс өтеді. Бұл іс-шара отандық және шетелдік бизнес, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және басқа да іскер топтар өкілдерінің қатарынан 500-ге жуық адамды біріктіреді. Іс-шараны өткізу орны кездейсоқ таңдалып отырған жоқ: пленарлық отырыс өтетін орын Индустриалдық аймақ кәсіпорнының аумағында орналасқан. Өйткені, тап осы индустриалдық аймақ соңғы жылдары біздің облысымыздың экономикалық дамуына айтарлықтай серпін беріп келеді. Индустриалдық аймақ – бұл тартымды алаң, оның артықшылығы, инженерлік инфрақұрылымның барлық кешенімен қамтамасыз етілуі болып табылады.Жалпы, тікелей форум туралы айтатын болсақ, онда біз мұндай форматта бірінші рет жиналып отырған жоқпыз және бұл соңғы рет емес деген ойдамын. Естеріңізге сала кетейін, 2023 жылдың тамыз айында «Қостанай инвест 2023» инвестициялық форумы өткізілді, онда да өңірдің инвестициялық әлеуеті ұсынылды және өнеркәсіптің түрлі салаларында ірі жобалардың іске асырылып жатқандығы таныстырылды.Мәселен, өткен жылғы форумның қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен ірі инвесторлар арасында сомасы шамамен 440 млрд. теңге болатын жобаларды іске асыру туралы бірқатар келісімдер жасасылды. Олардың ішінде Kia Corporation (KИA Корпорейшн) әлемдік Оңтүстік Корея автоконцернімен толық циклді KIA автомобильдері өндірісі зауытын салу туралы келісімді атап өтуге болады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары белсенді қарқынмен жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ, «Полиметалл Евразия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнеркәсіптік холдингімен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды, атап айтқанда күн және газды поршенді электр станцияларын салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бастамашы жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр.Сонымен, биылғы жылы өтіп жатқан форум қазірдің өзінде дәстүрлі сипатқа ие, және бұдан басқа, Қостанай облысының қазіргі заманғы инвестициялық имиджін қалыптастыру бойынша біздің одан арғы ұмтылысымыздың жалғасы және қозғаушы векторы болады.Форумның алдағы пленарлық отырысында металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар ұсынылатын болады.Жалпы алғанда, біздің облыс әлеуетті инвесторлар үшін қашанда ашық екенін, сондай-ақ жаңа бастамаларды іске асыруда жан-жақты қолдауға кепілдік беретіні туралы айта кетсем деймін.</p>

Аймақтағы жаңалықтар