Қостанай облысы энергетикалық тәуелсіздік жолында
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жалпы қуаты 1 гигаватт болатын 165 жел электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі таңда бұл қадам өндірістік қуаттылық үшін энергия тапшылығын сезініп отырған өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды кезең болмақ.
Бүгінгі таңда облыста электр энергиясын тұтыну 0,45 ГВт болса, өндіру тек 0,12 ГВт құрайды. Жаңа жобаны іске асыру осы тәуелділікті еңсеріп қана қоймай, электр энергиясын өндіру көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа станция тек электр энергиясын өндіруді ғана емес, 300 мегаватт көлеміндегі батареяда электр қуатын жинақтауды да қарастырады.
Жел сияқты жаңартылатын энергия көздерінің артықшылығы олардың экологиялық тұрғыдан сонымен қатар экономикалық тұрғыдан да пайдасы бар. Облыстың бірқатар аудандарындағы желдің орташа жылдамдығы жел турбиналарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл Қостанай облысын жел парктерін салу үшін тартымды етеді.
Бұл жобаны іске асырудың маңызды аспектілері жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялар тарту және өңірдің орнықты дамуы болады. Бұған қоса, қуаттылығы 48 МВт Арқалық жел паркі сияқты іске асырылған жобалар облыстың жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлеуеті бар екенін айғақтайды.
Қостанай облысы өзінің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бағытында белсенді түрде алға ілгерілеуде және біз меморандумды іске асыру өңіріміздің болашағына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -