Қостанай облысында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмек жақсартылуда
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында «Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жақсарту» және «Судағы қауіпсіздік» мәселелері қаралды.Бірінші мәселе бойынша Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Джандаевтың есебі тыңдалды.«Ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен жылы біз ауылдық елді мекендерде 25 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу бойынша жұмысты бастадық», - деп атап өтті облыс әкімі. – «Ағымдағы жылы 4 нысан пайдалануға берілді, маусым айында тағы 2 нысан пайдалануға беріледі. 2024 жылға жоспарланған 16 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, 3 нысан бойынша мердігерлерді анықтау рәсімдері жүргізілуде».Биыл облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 106 млрд. теңгеге жетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23% – ға артық (2022 ж. - 86,3 млрд. теңге). Сондай-ақ, жыл сайын заманауи жабдықтарды сатып алуға және денсаулық сақтау объектілерін жөндеуге қомақты қаражат бөлеміз. Биыл осы мақсаттарға шамамен 4 млрд. теңге бағытталды. 1,4 млрд теңге сомасына 5 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтеді, 18 нысанға 600 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің қолжетімділігіне байланысты.Медициналық пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар дәрілік препараттармен, машиналармен және жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, мамандармен қамтылуы керек.Жыл сайын біз материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша жұмыс жүргіземіз. Бүгінгі таңда алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерінің жабдықтарменқамтылуы 93% -. құрайды. Соңғы 4 жылда біз 120 бірлік санитарлық автокөлік сатып алдық, тозу 30% құрайды.Денсаулық сақтау басқармасы қолданыстағы медициналық жабдықтар мен автокөлік құралдарына талдау және техникалық тексеру жүргізіп, олардың әлі де жөндеуге жататындарын және ауыстырылуы керек түрлерін анықтауы керек. Алдағы 2 жылда жабдықпен және көлікпен 100% жарақтандыруды қамтамасыз ету қажет.Алдағы 2 жылда жабдықпен және көлікпен 100% қамтамасыз ету қажет. Сондықтан Денсаулық сақтау басқармасы Экономика және қаржы басқармаларымен бірлесіп, бюджет қаражатынан басқа, қосымша медициналық жабдықтар мен көлікті, оның ішінде лизингке алу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -