Қостанай облысында орналастыру жоспарланған ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық
2024 жылғы 15 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының құрылысына ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 23 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады. 2024 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.
Сауда-саттық барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 22.68-ден 12.33 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) аралығын қамтыды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компания жеңімпаз деп танылды:
«Alpha wind» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 12.33 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарланған.Аукциондық сауда-саттыққа бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.
Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын растады.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 18 қарашаға жоспарланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -