Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу
2024 жылғы 18 маусымда Арқалық қ. Северный кенті «Арқалық қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі терроризмге қарсы жедел штабымен терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризмнің зардаптарын барынша азайту және жою болып табылады.
Өткізілетін іс-шараларға байланысты Ш.Жәнібек, Северный және Мауленов көшелерін қозғалысты шектеу шаралары көзделген.
Азаматтардан сабырлы болуды және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан және қозғалудан бас тартуды сұраймыз.
Қостанай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -