Қостанай облысының Қарасу ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
2024 жылғы 7 маусымда Қарасу ауылында Қарасу ауыл шаруашылығы колледжінің аумағында сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін Қарасу аудандық терроризмге қарсы жедел штабымен терроризмге қарсы жаттығулар өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризмнің зардаптарын барынша азайту және жою болып табылады.
Өткізілетін іс-шараларға байланысты Қойбағор-Қарасу-Севостополь тас жолында және Комсомольская көшесінде қозғалысты шектеу шаралары көзделген.
Азаматтардан сабырлы болуды және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан және қозғалудан бас тартуды сұраймыз.
Қостанай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -