ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАЗА ЕГІС АЛҚАПТАРЫНА ОРЫНБОР ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАЛАС АУДАНДАРЫНАН ШЕГІРТКЕНІҢ КЕЛУ ҚАУПІ БАР
Қостанай облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасының ұзындығы 100 шақырымнан асады.
"Орынбор облысы Светлин ауданындағы бұрынғы Ақтөбе совхозында қараусыз қалған ескі егіс алқаптарында шегіртке ұялары бар. 2012-2014 жылдары шегірткенің бастапқы жаппай дамуында шегіртке сол жерден Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағына батыстан ұшып келді", - деп түсіндірді АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов.
Оның басты себебі, шекаралық аймақта жел көбіне батыстан соғатыды. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Ресей аумағынан шегірткелердің келуі қазірдің өзінде тіркелді. Қостанай облысына қатысты да алаңдаушылық бар.
«Біз екі апта бұрын оқшауланған шегірткелерді өңдедік. Ең қиыны, олар қанатқа көтеріліп, осы жолмен келеді. Біз ресейлік әріптестермен жұмыс істеп жатырмыз, олар түсініп, емдеу шараларын да жүргізетіндерін айтты», - деді Дархан Әбдікәрімов.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Орынбор облысының ауыл шаруашылығы вице-министрімен бейтарап аумақты өңдеу туралы келісімге келгенін хабарлаған болатын.
Қазір шекарада 6 ұшақ, 2 дельтаплан, 20 жерүсті техникасы жұмыс істеуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -