Отставкадағы полиция полковнигі "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төбелгісімен марапатталды
Адам өмірін сақтап қалу кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қауіпсіздік қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жалғас Әбиев «Тотенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Марапаттау рәсімі Алматы қаласы ТЖД ахуалдық орталығында өтті. ТЖМ басшысының атынан марапатты ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев табыстады.
Атап өту қажет, отставкадағы полиция полковнигі Жалғас Құрманқалымұлы Әбиев 23 жылдан аса мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.
2024 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11:57 -де Алматы қаласы ТЖД 112 пультіне Алматы облысындағы «Проходное» шатқалы «Терра алаңы» туристік аймағыда жартастан баланың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы және Алматы қаласы әкімі аппаратының Құтқару қызметі құтқарушылары жіберілді.
Құтқарушылар келгенге дейін отставкадағы полиция полковнигі Жалғас Құрманқалымұлы Әбиев оқиғаның куәгері болып, бұл туралы хабарлады. «Терра» алаңына көтерілу кезінде, тау шатқалдарының қауіпті учаскесінен өтіп бара жатып, кенеттен Жалғас Әбиев көмек сұраған бала мен оның анасының айқайларын естіді. Анасымен бірге артта келе жатқан бала 10 метрлік жартас шатқалынан құлап кеткені белгілі болды, абыржыған ана тіпті өзіне орын таппай баласының артынан секіруге дейін дайын болған.
Жалғас Әбиев жағдайды бағалай отырып, тау рельефтерінің қауіптілігін, өте сақ болу керектігін түсіне отырып, зардап шеккен баланы іздестіруге кірісті. Баланың құлаған орнын тауып, 10 жасар бала есінен талмағанына көз жеткізіп, ішкі істер органдары қызмет ету кезінде алған дағдыларын қолдана отырып, дереу алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.
Зардап шегуші өзенге қарай басын төмен қаратып жатты. Дереу денесінің жоғарғы жағынан төменгі башпайына дейін қатты баспай, одан қай жері ауыратынын сұрады. Сыртқы тексеруден кейін омыртқаның, кеуде қуысының және аяқтың көзге көрінетін зақымдануының жоқтығына көз жеткізіп, денесінің астына күртесін қойып, денесінің орнын өзгертті.
Осы уақыт ішінде бала есінен танып қалмас үшін онымен сөйлесіп, су беріп, зардап шеккен баланы қолдап отырды. Басқа адамдар абдырап тұрғанда, Жалғас Әбиев кез-келген кідіріс баланың өлімімен аяқталуы мүмкін екенін түсініп, барлық қажетті шараларды уақтылы қабылдады.
Төтенше жағдайға және тау рельефіне шығудың қиын болуына байланысты баланы құтқару үшін әуеге «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 борты көтеріліп, ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары зардап шегушіні ҚР ТЖМ АМО бригадасы күтіп тұрған аэродромға жеткізді.
Зардап шеккен бала Орталық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінгі таңда баланың жағдайы жақсы, тұрақты.
Осылайша, Жалғас Құрманқалымұлы Әбиев өзінің азаматтық ұстанымын көрсете отырып, төтенше жағдайды тез және дұрыс бағалай білу қабілетін көрсетті, баланың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін дұрыс шешім қабылдады.
Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен қайсарлығы үшін Жалғас Құрманқалымұлы Әбиев ҚР ТЖМ ведомстволық наградасымен марапатталды.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -