ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ: МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛЫП, АЙЫППҰЛДАР САЛЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2024 жылдың 8 айындағы жұмысты қорытындылады. Департамент басшысы Бейбіт Молдабеков брифингте өңірдің негізгі нарықтарындағы кедергілерді жою бойынша аяқталған тергеулер, ескертулер мен шаралар туралы айтты.
Тауар нарықтарындағы бәсекелестікке 20 талдау жүргізілді
2024 жылы Департамент Павлодар облысының нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне белсенді талдау жүргізді. Зерттелгендердің қатарында жанар-жағармай материалдары, сұйытылған газ базарлары, әуежайда сауда үй-жайларын жалға алу және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бар. Б. Молдабековтың айтуынша, бұл шаралар нарықтық билікті теріс пайдалануды анықтауға мүмкіндік береді.
«Доминанттардың теріс әрекеті белгілі бір нарыққа әсер етіп қана қоймай, сонымен өзге салаларға да монополияны алып келуі мүмкін», — деді Б. Молдабеков.
Айыппұлдар мен тергеулер: «ҚТЖ» АҚ және Павлодар әуежайы
Жүргізілген талдаулар мен шағымдарды қарау қорытындысы бойынша Департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері туралы 5 хабарлама шығарды. Бұл хабарламалар компанияларға тергеу басталғанға дейін бұзушылықтарды өз еркімен жоюға мүмкіндік берді.
«Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамаған «ҚТЖ» АҚ магистральдық желісінің Павлодар бөлімшесіне қатысты тергеу бір мысал, нәтижесінде 1 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік іс қозғалды, сондай — ақ бұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама шығарылды», - деді Б. Молдабеков.
Сондай-ақ, Департамент әуежай ғимаратында алаңдарды жалға алуға монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі бойынша «Павлодар Әуежайы» АҚ-ға қатысты тергеуді аяқтады.
Графит сынығы мен лифт нарығындағы картельмен күрес
Графит сынығына монополиялық жоғары баға белгілегені үшін «Қазақстандық электролиз зауыты» ЖШС-не қарсы тергеу маңызды іс болды. Сондай-ақ, Павлодарда лифттерге қызмет көрсететін алты компания монополияға қарсы әрекеттерін назарымыз түсті. Олар техникалық қызмет көрсетудің жоғары бағасын ұстап тұруға бағытталған бәсекелестікке қарсы келісім айыпталып, нәтижесінде 300 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Кедергілер кеңесі және оларды жою жайы
Департамент кәсіпкерлермен кедергілер кеңесі арқылы белсенді жұмыс істейді. 2024 жылы Кеңес 10 мәселені қарастырды, оның 2-і аймақтық деңгейде сәтті шешілді.
«Біздің бизнеспен өзара іс — қимылымыз адал бәсекелестік пен нарықтарға еркін қол жеткізу үшін жағдай жасауға бағытталған», - деді Б. Молдабеков.
Қорытынды: айыппұлдар және бұзушылықтарды жою
2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «№36 бөбекжай-бақшасы» КМҚК, «Павлодар Әуежайы» АҚ және «Байланыс индустриясы» ЖШС сияқты ұйымдар жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрады, барлық айыппұлдар толық көлемде төленді.
Департаменттің жұмысы Павлодар облысында бәсекелестікті дамытуға және нарыққа қатысушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -