Павлодар облысында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
Павлодар облысының әкімдігі өңірдің қоғамдық орындарында азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізу туралы бастама жасаған болатын.Бүгін Павлодар қаласының орталық жағалауында тұрғындарды өзекті мәселелері бойынша қабылдау өтті.Мемлекеттік органдардың басшыларына жүзден астам адам жүгінді. Әрбір тұрғын өзінің мәселесін айтып, сұрағын қойып, ұсыныстарын білдірді. Қабылдауға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, ТҮКШ, спорт, Полиция, Әділет департаменттері қатысты.Өтініштердің көпшілігі маусымдық сипатта болды: аумақтарды абаттандыру, үйлерін жылу беру маусымына дайындау, ПИК-ке шағымдар. Сондай-ақ, өтініштердің негізгі бөлігі жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, 1-сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орналастыру болды.Барлық сұрақтар бойынша тұрғындарға түсініктемелер берілді. Естеріңізге саламыз, облыс тұрғындары қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің +77021661661 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -