Павлодар облысында дала өрті оқшауланды
Сағат 14.30-да Павлодар облысы, Баянауыл ауданы аумағында жалпы ауданы 10 000 га дала өрті оқшауланды.
Сөндіруге Павлодар облысынан, Астана қ.ТЖД, Абай облысынан және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің құтқарушылар топтары, орман шаруашылығы қызметтері және жергілікті атқарушы органдардан ерікті өрт сөндіру құралымдары қатысты.
Оқшаулауға 239 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Барлығы 64 тонна су көлемінде 29 төгінді шығарылды. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.
Қазіргі уақытта шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -