Павлодар облысында квазимемлекеттік компанияның шотында бюджет қаражаты үш жылдан астам «бос тұрып қалған»
Павлодар облысы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының біріне қатысты мемлекеттік қаражатты пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.
ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде өңірдегі квазимемлекеттік компаниялардың бірінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында үш жылдан астам уақыт бойы 2,1 млрд теңгеден аса қаражаттың пайдаланылмай тұрғаны анықталды.
Осыған байланысты Павлодар облысының әкімдігіне қаражатты одан әрі пайдалану бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
18 наурыздағы жағдай бойынша бұрын жасалған шарт шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ пайдасына 2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.
Қосымша 114 млн теңгеден аса қалдықты пайдалануға беру туралы шешім қабылдануда. Бұл мәселе және мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.
Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -