Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Сағын Төлеутаев Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сағын Сайранұлы 1988 жылы туған, жоғары білімді. 2010 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Экология» мамандығы бойынша аяқтаған, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесі бар.
2012-2016 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Биология және экология» кафедрасында оқытушы болды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2016 жылы Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы болып бастады, одан кейін 2019-2021 жылдары осы басқарманың жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
2021 жылғы желтоқсаннан бастап осы уақытқа дейін «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -