Петропавлда арнайы мектеп пен студенттер үйі ашылды
Бүгін қаламызда арнайы мектеп-интернат пен жергілікті университет студенттеріне арналған 1,2 мың орындық жаңа жатақхананың ашылуы өтті. Ашылу салтанатына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Парламенті Сенатының вице-спикері Ольга Перепечина, ардагерлер, жастар және жұртшылық қатысты.
Жаңа арнайы мектеп ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тең мүмкіндіктер жасайды. Айта кету керек, арнайы мектептің ескі ғимаратында орын тапшы болды, жаңа ғимарат бұл мәселені шешіп, балаларды қабылдауды ұлғайтты. Оқу корпусы 300 орынға шақталған, 50 орындық интернат та бар. Қазір мұнда 220 бала білім алуда.
Мектеп логопед, дефектолог, сөйлеу және коммуникацияны дамыту, ритмика, сенсорлық және емдік дене шынықтыру кабинеттерімен жабдықталған. Оқушылар сондай-ақ бастапқы кәсіптік дағдыларды алады: тігін және ағаш ұстасы, ара шаруашылығы және бағбандық.
Өңір басшысы ұстаздар қауымын маңызды нысанның ашылуымен құттықтап, балаларды тасымалдайтын шағын автобустың кілтін табыс етті.
Дәл осы күні Петропавлда жергілікті университеттің студенттеріне арналған 1,2 мың орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Облыс басшысы студенттерді жаңа қоныспен құттықтап, жатақхананы аралады.
Әрқайсысы 600 студентке арналған екі жатақхана ғимараты салынды. Барлық бөлмелерде студенттерге қолайлы жағдай жасалды. Айта кету керек, бұл Петропавлдағы ең үлкен студенттер жатақханасы. Бұл нысанның ашылуы жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін түбегейлі жабуға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -