Петропавлда студенттер мен шетелдік оқытушыларға арналған жатақхана ашылды
Петропавлда Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылды. Салтанатты шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Аризона университетінің вице-президенті Дженни Ли қатысты.
Студенттер үйі 156 орынға шақталған және университеттің шақырылған шетелдік оқытушыларына 25 пәтер бөлінді. Жаңа нысан қажетті жиһаз және техникамен қамтамасыз етілген.
"Сонымен қатар, Петропавлда 1,2 мың орынға шақталған үлкен жатақхананың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысандардың ашылуы университет студенттерін 100% жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуге және оларға қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді", - деп атап өтті өңір басшысы.
Сондай-ақ бүгін облыс әкімі Аризона университетінің вице-президенті Дженни Лимен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазіргі таңда Қозыбаев университетін халықаралық зерттеу университетіне айналдыру мақсаты тұр. Жергілікті университет үлкен академиялық шеберлік орталықтары бағдарламасына таңдалып, енді жыл сайын әлеуетін жабдықтау мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қосымша қаржы алатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -